A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 12:30 0

Мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің Спартакиадасы: ШҚО волейболдан топ жарды

Бүгін / Өскемен

Өскеменде мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері арасындағы республикалық Спартакиаданың іріктеу кезеңі өтті. Қатысушылар спорттың бес түрінен бақ сынаған болатын, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Шығыс Қазақстаннан бөлек, Абай, Қарағанды, Павлодар және Ұлытау облыстарынан келген командалары тыңғылықты әзірлікпен келгендерін байқатты. Іс - шара салауатты өмір салтын насихаттап, спортты дамытып, командалық рухты нығайту мақсатында қолға алынғанымен жеңіске жету үшін әрбірі жанкештілік танытты. Жарыс бағдарламасына волейбол, шағын футбол, үстел теннисі, шахмат және киберспорт енгізілген.
Әуелі Шығыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысы Саят Бимағамбетов сөз алып, қатысушылардың қызмет пен спортты қатар алып жүргендерін тәртіппен жауапкершіліктің көрінісі екенін атап өтті.
Қазақстанның Құрметті спорт қайраткерлері, облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Асқар Можанов пен бас төреші, ШҚО Ардагерлер және спорт кеңесінің Төрағасы Мұхамедолла Ағзамов қатысушыларға сәттілік, жарқын жеңіс тіледі.
Мәдени бағдарлама аясында қонақтарға Мәдениет саласының үздігі Әсел Қыдырханова «Самға Қазақстан» музыкалық композициясын ұсынды. Сонымен қатар, кәсіби «Алтай» халық би ансамблі орындауындағы «Тор жарға» хореографиялық қойылымы көрерменге мерекелік көңіл-күй сыйлап, қатысушылардың спорттық рухын көтерді.
Ал сайыс қорытындысында волейбол бойынша бірнеше мемқызметші номинацияларға ие болды. Соның ішінде:

Нұрбек Бейсенов – Үздік тосқауылшы (Абай облысы);
Жадыра Нысанбаева – Үздік қорғаушы (ШҚО);
Айжан Ембергенова – Үздік байланыстырушы (Ұлытау облысы); 
Нұркен Ерәділ – Үздік шабуылшы (Қарағанды облысы);
Мира Оразғалиева – Үздік ойыншы (Павлодар облысы). Ал жалпы:

1 орын – ШҚО;
2 орын – Қарағанды облысы;
3 орын – Павлодар облысы.

Шахмат бойынша:
1 орын – Павлодар облысы;
2 орын – ШҚО;
3 орын – Қарағанды облысы.

Шағын футбол:
1 орын – Абай облысы;
2 орын – ШҚО;
3 орын – Павлодар облысы.

Үстел теннисі бойынша;
1 орын – ШҚО;
2 орын – Қарағанды облысы;
3 орын – Павлодар облысы.

Жарыс қорытындысында жоғары нәтиже көрсеткен үздік командалар республикалық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.

Асыл АЙТБАЕВ
Фотосурет: ШҚО Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив