A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:05 0

Балаларды қорғау күні қарасында Өскеменде бірқатар байқау ұйымдастырылды

Бүгін / Өскемен

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай қалада бірқатар мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік бағдарламалар Арбат пен «Император» сауда-ойын-сауық кешенінде өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шара барысында балаларға арналған ойын-сауық бағдарламалары, шығармашылық алаңдар мен түрлі конкурстар ұйымдастырылып, бүлдіршіндер көтеріңкі көңіл күй сыйлаған мерекелік шараларға белсенді қатысты.

Облыстық «Ауыл» партиясы филиалының төрағасы Фарид Абитаев жиналған қауымды мерекемен құттықтады.

– Барлық бала мен қала тұрғындарын Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын. Балаларымыздың денсаулығы мықты, болашақта жетістіктері көп болғай– деді ол.

Ал «Император» сауда-ойын-сауық кешенінің жарнама және PR бөлімінің басшысы Еңлік Қалиасқар мерекелік бағдарлама мазмұны туралы айтып берді.

– Бүгін «Император» кешенінде балаларға арналған арнайы мерекелік іс-шара ұйымдастырдық. Кішкентай қонақтар үшін түрлі ойындар мен қызықты бағдарламалар әзірленді. Мерекені өткізуге серіктестеріміз – Kids Park пен Pizza Blues қолдау көрсетті. Шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлап, олардың көңіл күйін көтеру. Сағат 16:00-де концерттік бағдарлама өтеді. Бағдарлама аясында музыкалық ойындар, сабынды шоу, аквагрим, фотоайна және басқа да қызықты шара ұйымдастырылады, – деді ол.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив