A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 17:30 0

Көру қабілеті нашар адамдар үшін ақпарат қолжетімді ме? – Өскемендегі соны талқылады

Бүгін / Өскемен

Қоғамда инклюзивті орта қалыптастыру, ақпаратқа қолжетімділікті арттыру және ерекше қажеттілігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау бағытында жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен әлі де шешімін қажет ететін мәселелер бар, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық зағиптар мен нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ақпаратынша, мемлекет тарапынан мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғауға арналған заңдар мен бағдарламалар қабылданған. Арнайы кітапханалар, оңалту орталықтары, тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету, инклюзивті білім беру жүйесін дамыту сияқты бағыттар қолға алынған. 
– Мысалы, Қазақ зағиптар қоғамы және арнайы кітапханалар көзі нашар көретін азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді. Соңғы жылдары қоғамдық орындарда тактильді жолақтар, дыбыстық бағдаршамдар, экрандық оқу бағдарламалары, Брайль қарпіндегі ақпараттар көбейіп келеді. Сонымен қатар цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктері зағип жандардың білім алуына, жұмыс істеуіне және ақпаратқа қол жеткізуіне жаңа мүмкіндік ашуда, – деді аталған кітапхана қызметкері Жанаргүл Мажитова.
Осы орайда «Шығыс Қазақстан облыстық зағиптар мен көзі нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы базасында «Ақыл-ой және дене дамуында ерекшеліктері бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсіби-еңбекпен оңалту орталығы» ЖШС («САТР орталығы», Алматы қ.) ұйымдастыруымен тифлотехникалық оңалту құралдары саласындағы заманауи технологияларға арналған семинар өтті. Іс-шара барысында көру қабілеті бұзылған азаматтарға арналған инновациялық шешімдер, ақпараттық қолжетімділікті арттыру және мекемелердегі жұмыс орындарын кешенді жабдықтау мәселелері кеңінен талқыланды.
– Аталған семинарға Қазақ зағиптар қоғамы филиалы мүшелері, Өскемен қаласының №14 арнайы мектеп-балабақшасы және № 19 қосымша білім беру орталығы тифлопедагогтары қатысты. Жасанды интеллектпен жабдықталған жаңа технологиялық құрылғылар құлағында ойнаған семинарды жүргізуші Анатолий Мигайдың өмір жолы да қатысушылармен тағдырлас болуы зағип және көзі нашар көретін жандарға ерекше серпін бергендей болды, – делінген ақпаратта.
Семинар аясында қатысушыларға жасанды интеллект элементтерімен жабдықталған заманауи тифлотехникалық құралдар таныстырылды. Сонымен қатар экрандық қолжетімділік пен сөйлеуді синтездеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету, оқитын құрылғылар мен бейнеүлкейткіштер, Брайль дисплейлері мен принтерлері, портативті тифлокомпьютерлер секілді арнайы технологиялар ұсынылды. Бұл құралдар көру мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, еңбекке араласуына және қоғам өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
Іс-шарада мекеме қызметкерлерінің жұмыс орындарын арнайы және әмбебап жабдықтар арқылы жабдықтау мен жаңғыртуға арналған шешімдерге де ерекше назар аударылды. Ұйымдастырушылар инновациялық технологияларды енгізу арқылы ақпараттың қолжетімділігін арттыру, мекемелер жұмысының тиімділігін күшейту, сондай-ақ цифрлық трансформация мен жасанды интеллектіні дамыту бағытындағы заманауи мүмкіндіктерді таныстыруды мақсат етті және жасанды интеллектті дамыту аясындағы мәселелерге ерекше назар аударылады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив