A+ A A-

talgatzhan 1 Бүгін, 17:35 0

Өскеменде Төтенше жағдайлар департаменті аумағында балалар асфальтқа сурет салды

Бүгін / Өскемен

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында ШҚО ТЖД бөлімшесінің базасында балалар арасында асфальтқа сурет салу байқауы өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аталған департамент бастығы Рашид Бляловтың сөзінше, асфальтқа бормен сурет салу – баланың ішкі әлемін, оның қауіпсіздік мәселелерін қалай түсінетінін және қабылдайтынын көрсетудің тамаша тәсілі.
– Шығармашылық арқылы қоршаған ортаны тану және пайдалы ақпаратты жеткізу жүзеге асады. Біздің жағдайда бұл – төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттер мен құтқарушы мамандығын насихаттау, – деді ол.

Балалар көтеріңкі көңіл-күй мен жағымды эмоцияларға бөленді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив