Күршім ауданында 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай театр және кино актері, сатирик, “Бауыржан шоу” театрының мүшесі Алмат Сақатовтың “Әзіл мен әуен” атты шығармашылық кеші ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қабдолда Тұрар атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен мерекелік шараға әкімдік өкілдері мен жергілікті тұрғындар жиналды. Кеш барысында көрермен назарына әсем әндер мен әзілге құрылған сахналық қойылымдар ұсынылды.
Алмат Сақатов өзінің жеке репертуарындағы әндерді орындап, жерлестерімен еркін форматта әңгіме өрбітті.
Сонымен қатар кеште әнші әрі сазгер Жандос Ерланұлы мен әнші Нұрлан Қайрат өнер көрсетіп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Концерт соңында өнер иесі көрерменге ризашылығын білдіріп, туған өлкенің қадір-қасиеті туралы тебірене сөз сөйледі. Ал аудан әкімдігінің өкілдері құрметті қонақтың иығына шапан жауып, алғыс хат табыстады.
Қымбат МУХАМАДИЕВА
Фотосурет: Еркежан ОРАЛҒАЗИНА
Пікірлер