A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 09:25 0

Күршімдегі қорғаныс істері бөлімі жөндеуден өтті

Бүгін / Күршім

Күршім, Самар және Марқакөл аудандарының біріктірілген қорғаныс істері бөлімінің тарихы 1941 жылдан бастау алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Аталған құрылым өңірдегі әскери есеп, әскерге шақыру және қорғаныс саласындағы негізгі міндеттерді атқарып келеді. 2009 жылы бұл бөлім жаңа ғимаратқа көшірілді. 

- Биыл жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ғимарат 4 айдың ішінде жөндеуден өтті. Ішкі бөлмелер жаңартылып, жұмыс кабинеттері ретке келтірілді. Бұл өз кезегінде қызмет сапасын арттырып, азаматтарға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді, - деді Күршім, Самар және Марқакөл аудандарының біріктірілген қорғаныс істері бөлімі бастығының орынбасары, майор Жігер Құмарбеков.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін бөлімнің жұмыс қарқыны артып, көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсара түсті.

 

Қымбат МУХАМАДИЕВА 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив