Аудан әкімдігі мәліметінше, халықтың спортпен жүйелі түрде айналысуына тиісті жағдай жасалған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қазір ауданда 122 спорт объектісі бар. Яғни, 20 спортзал, 13 атқыш тир, 1 стадион, 1 бассейн және 87 жердегі жазық спорттық құрылғылар бар.
– Жыл басталғалы 35 спорттық іс-шара өткізілді. Оған 3415 адам қатысты. Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде, атап айтсақ, спорттық объектілер санының артуы, оған халықтың қолжетімділігін қамтамасыз етудің және спорттық үйірмелердің, секциялардың тұрақты жұмыс істеуі арқасында спортпен жүйелі түрде айналысатын халық саны 5796 адамға жетті, – деді аудан әкімінің орынбасары Сымбат Дүйсенғазин.
Пікірлер