Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар алаңында аудан әкімінің орынбасары Сымбат Дүйсенғазин мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Оның ішінде әлеуметтік жағынан осал топтар санатында 201 адам тұр.
– Күршім ауданы бойынша «Бірқабатты Шығыс» бағдарламасы аясында биыл 30 тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Бұл өз кезегінде аудан елдімекендерінде кезекте тұрған әлеуметтік жағынан осал топтар санатындағы және көпбалалы отбасылардың, ата–ана қамқорынсыз қалған жетім балалардың тұрғын үй мәселесін шешуде оң нәтижесін береді, – деді Сымбат Дүйсенғазы.
Анықталғандай, үйлерді сатып алуға 513 млн теңге бөлінген.
– 4 елдімекенде: Алғабас, Күршім, Қыстау-Күршім, Жолнұсқауда тұрғын үйлер құрылысы басталды. Оларды сатып алу қазан айына дейін жоспарланған. Мердігер ұйымдармен құрылыс және тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды толық жеткізуді қамтамасыз ету бойынша меморандум жасалды, – деді аудан әкімінің орынбасары.
Пікірлер