A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 10:55 0

2 метр 5 см: Қазақстандағы ең ұзын түлек Өскеменде диплом алды

Бүгін / Өскемен

Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-да өткен диплом табыстау кезінде көпшілік назары бір студентке ерекше ауды. Елдегі ең ұзын студенттің бірі Аяжан Амангельдиева бүгін көптен күткен дипломын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Аяжанның бойы 2 метр 5 сантиметр. Бойының ерекшелігімен қатар, ол білім мен спортты қатар алып жүрген табысты жас ретінде университет тарихында өзіндік із қалдырды.

Аяжан Амангельдиева 2004 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Балалық шағы туған қаласында өтіп, ата-анасының қолдауымен ерте жастан спортпен айналыса бастады. Отбасында қалыптасқан еңбекқорлық, тәртіп пен мақсатқа ұмтылу қасиеттері оның өмірлік ұстанымына айналды.

2022 жылы ол Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне оқуға түсіп, студенттік өмірін бастады. Университет қабырғасында білім алып қана қоймай, спорттағы жетістіктерін де жаңа деңгейге көтерді. 

Аяжан – волейболдан спорт шеберлігіне үміткер. Ол әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы атанып, Азия чемпионатының күміс жүлдесін иеленген. 

Ол биыл университетті сәтті тәмамдап, дипломын алды. Оның айтуынша, оқу орнында алған сапалы білімі мен спорттағы мол тәжірибесі болашақ кәсіби жолына берік негіз қалаған.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив