A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 15:35 0

Өскеменде көлік басқаруға қабілетсіз ер адам тоқтатылды

Бүгін / Өскемен

Өскемен қаласынан Риддер бағытына шығаберісте патрульдік полиция қызметкерлері Фархат Какенов пен Жанболат Саржекеев жолдағы ықтимал қайғылы оқиғаның алдын алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Патрульдеу кезінде тәртіп сақшылары "ГАЗ" маркалы автокөлікті тоқтатып, құжаттарын тексерген. Нәтижесінде 35 жастағы ер адамның заңды түрде іс-әрекетке қабілетсіз деп танылғаны және көлік басқаруға құқығы жоқ екені анықталды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында автокөлік арнайы тұраққа жеткізіліп, ер адам білікті медициналық көмек көрсету үшін жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Полиция азаматтарды денсаулығына байланысты шектеулері бар жақындарының көлік басқаруына жол бермеуге және көлік кілттерінің қолжетімділігіне мұқият болуға шақырды.



Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив