A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 11:00 0

Алматы – Өскемен тасжолында 4 көлік соқтығысып, бір адам қаза тапты

Бүгін / Өскемен

Алматы – Өскемен тасжолында төрт көліктің қатысуымен жол апаты болып, бір адам көз жұмды, тағы бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, жол апаты 9 шілде күні сағат 08:40 шамасында Жарма ауылы маңындағы тасжолдың 885-шақырымында болған.

Алдын ала ақпарат бойынша, Volkswagen Polo жүргізушісі көлік басқару кезінде алаңдап, қарсы бағыттағы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан. Кейін жол апатына тағы екі көлік – Toyota Windom және DAF жүк көлігі қатысқан.

– Жол-көлік оқиғасы салдарынан Volkswagen Polo автокөлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жол апатында болған бірнеше адам түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді, – деп хабарлады Абай облысы полиция департаменті.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушілер оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Полиция жүргізушілерге жолда барынша мұқият болу қажеттігін ескертті.

– Ұялы телефон пайдалану, хабарлама жазу, салоннан зат іздеу және жүргізушіні жолдан алаңдататын кез келген әрекет жол апаты қаупін айтарлықтай арттырады. Бірнеше секундтық зейінсіздіктің өзі көлікті басқаруды жоғалтуға әкелуі мүмкін, – деп атап өтті ведомстводан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив