A+ A A-

talgatzhan 40 Бүгін, 12:00 0

Өскемендіктер цифрлық мамандықтарды тегін меңгере алады

Бүгін / Өскемен

Қала тұрғындарын цифрлық дағдыларды дамытуға және еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруге бағытталған ITeachMe 8.0 білім беру жобасының сегізінші маусымына қатысуға шақырады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Жоба «ITeachMe» құзыреттерді дамыту орталығы қоғамдық қоры тарапынан «Шеврон Евразия» компаниясының қолдауымен жүзеге асырылуда.

Оқыту онлайн форматта екі бағыт бойынша өтеді: жасанды интеллектті пайдалана отырып CRM жүйелерімен жұмыс істеу және жасанды интеллектті қолдана отырып UI/UX Content бағыты.

Бағдарлама 4 айға есептелген. Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар тәжірибелік дағдыларды меңгеріп, курстық жұмыстарын әзірлейді. Кәсіби дамуға, тағылымдамадан өтуге және жұмысқа орналасуға қолдау алу мүмкіндігіне ие болады.

Жоба аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне, жұмыссыз азаматтарға, жастарға және заманауи цифрлық дағдыларды меңгеруге ниетті барлық азаматқа ерекше көңіл бөлінеді.

Биылғы маусымда 120 тегін орын қарастырылған.

Жобаның алдыңғы жеті маусымында 7000-нан астам өтінім қабылданып, 900-ден астам адам оқуды сәтті аяқтады. Олардың 90%-ы жұмысқа орналасты.

Өтінімдер 20 шілдеге дейін қабылданады.

Өтінім беру сілтемесі: https://daurbekg.github.io/iteachme8/ 

Қосымша ақпарат: +7 705 685 0264 (Назым)

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив