A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:05 0

Өскеменде опырылып түскен Шнайдер көпірінің орнына жаңасы қашан салынатыны белгісіз

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығында жаңа Шнайдер көпірінің құрылысы әзірге басталмайды. Жобаны іске асыру тергеу амалдары аяқталғанға дейін кейінге шегерілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап. 

Өткен жылдың қыркүйек айында Шнайдер көпірі опырылып түскен болатын. Алғашында көпірді жөндеу жоспарланған. Алайда жүргізілген техникалық сараптама нәтижесінде мамандар көпірді қалпына келтіру тиімсіз деген қорытындыға келіп, оның орнына жаңа көпір салу туралы шешім қабылданды. Дегенмен құрылыс жұмыстарының нақты қашан басталатыны әзірге белгісіз.

Өскемен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, кіші айналма жол тұсындағы жаңа Шнайдер көпірінің құрылысы барлық қажетті тергеу шаралары аяқталғанға дейін кейінге қалдырылған.

- Тергеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жобаны іске асыруға қатысты түпкілікті шешім қабылданады, - делінген хабарламада.

Осылайша, жаңа көпір құрылысының нақты басталу мерзімі әзірге анықталған жоқ. Тергеу аяқталғанға дейін жоба уақытша тоқтатылып отыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив