Қазақстан Премьер-лигасының 18-туры аясында «Алтай Өскемен» өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Ойын осы жексенбіде, шілде айының 19-ы күні қаладағы «Восток» стадионында өтеді. Дәл сол матчта әлемдік футбол аңызы, Еуропа чемпионы, әйгілі Роналдудың досы әрі спорттағы серігі – Луиш Нани өнер көрсетеді!
Билеттер Ticketon.kz сайтында қолжетімді, сілтемесі @f.c.altai stories-інде. Бағасы небәрі 700 теңге. Сондай-ақ, матч өтетін күні билеттерді «Восток» стадионы кассасынан да сатып алуға болады.
1) 9 жасқа дейінгі балаларға;
2) ҰОС ардагерлеріне;
3) Зейнеткерлерге;
4) Мүгедектігі бар адамдарға КІРУ ТЕГІН!
Басталуы: 17:00
Өтетін жері: «Восток» стадионы, Өскемен қ.
Пікірлер