Матч үлкен LED-экранда көрсетіледі, ал көрермендерді ерекше футбол атмосферасы күтеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігі ақпаратынша, 20 шілдеде түнгі сағат 00:00-де Өскемендегі Амфитеатрда футболдан Әлем чемпионатының финалдық матчының тікелей көрсетілімі ұйымдастырылады.
Матч үлкен LED-экранда көрсетіледі, ал көрермендерді ерекше футбол атмосферасы күтеді.
– Достарыңыз бен жақындарыңызды ертіп келіңіздер! Әлемдік футбол мерекесін бірге тамашалап, сүйікті құрамаларыңызға бірге жанкүйер болайық! – делінген ақпаратта.
Кіру – тегін.
Пікірлер