A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 15:50 0

Өскеменде бюджеттік ұйым қызметкерлерімен дөңгелек үстел өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін «Заң және тәртіп: тұрақты болашаққа жол» тақырыбында бюджеттік ұйым қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі. 

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда заң үстемдігін нығайту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметте ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын насихаттау, заң талаптарын бұлжытпай сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Дөңгелек үстелде «Заң және тәртіп» қағидаты – әділетті, қауіпсіз және тұрақты қоғам қалыптастырудың негізгі тіректерінің бірі екені атап өтілді. Қатысушылар заңның үстемдігі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және мемлекетке деген сенімді арттырудың басты кепілі екенін айтты.
Сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті көтеру, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін арттыру, қоғамдық тәртіпті сақтау және заң талаптарын күнделікті өмірде де, қызмет барысында да бұлжытпай орындаудың маңыздылығы талқыланды. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби әдепті сақтауы, адалдық, ашықтық, әділдік және қоғам мүддесіне қызмет ету қағидаттарын ұстануы – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін арттыратын негізгі факторлардың бірі екені айтылды.
Іс-шара соңында заң мен тәртіп қағидаттарын қоғамда кеңінен дәріптеу, құқықтық сауаттылықты арттыру, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тұрақты түрде жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив