Қалада Ертіс көпірінен секірген ер адамды іздестіру жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Құтқарушылар оның мәйітін оқиға болған жерден 21 шақырым жерден тапты. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, 1982 жылы туған ер адам 20 шілде күні Ертіс көпірінен секірген.
– Марқұмның денесі Ертіс өзенінің Прапорщиково ауылы маңындағы тармағынан, оқиға орнынан 21 шақырым төмен жерден табылды. Іздестіру жұмыстары күн сайын жүргізілді. Оған ШҚО ТЖД құтқарушылары, су көліктері, ұшқышсыз ұшу аппараттары және сүңгуірлер жұмылдырылды, – делінген ақпаратта.
Мамандар өзен жағалауы мен жақын маңдағы аумақтарды жіті тексеріп, сүңгуірлер жалпы саны 26 рет су астына түскен.
Фото: ШҚО ТЖД
Пікірлер