A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 16:00 0

Өскеменде химиялық заттар сақталған қойма өртенді

Бүгін / Өскемен

Облыс орталығындағы Айналма тасжол ауданында өндірістік химиялық заттар сақталған қоймадан өрт шықты, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері оқиға орнына келген кезде ғимаратта ашық жалын болған. Өрт сөндірушілер дереу іске кірісіп, жалынды толық сөндірді.

Ғимараттың құрылымдық ерекшеліктері мен жоғары өрт жүктемесіне қарамастан, құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрт шағын аумақта оқшауланып, көршілес қоймаларға таралмады.

Өрттен зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның шығу себебі анықталып жатыр.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив