Облыс орталығында қолайсыз ауа райына байланысты бірқатар ауданда жарық өшті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Қала әкімдігінің ақпаратынша, қатты желдің салдарынан ағаштар құлап, кейбір көшелерді су басты.
- Коммуналдық және апаттық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Құлаған ағаштарды жинау, суды сору және электрмен жабдықтауды қалпына келтіру бойынша барлық қажетті жұмыс жүргізілуде. Қала әкімі Алмат Ақышов апат салдарын жою жұмыстарын жеке бақылауда ұстап отыр, - делінген ресми мәліметте.
Қолайсыз ауа райының салдарын жою жұмыстарына коммуналдық кәсіпорындар мен авариялық қызметтердің 270 қызметкері және 41 арнайы техникасы жұмылдырылды. Сонымен қатар Аумақтық басқару орталығының 85 қызметкері тұрғын үйлердің аулалары мен көшелерде құлаған ағаштар мен бұтақтарды тазарту жұмыстарын үздіксіз жүргізіп жатыр.
Пікірлер