A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 11:20 0

Бұқтырма су қоймасының жағалауында рейд өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Бұқтырма су қоймасының жағалауында кешенді профилактикалық рейд ұйымдастырды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және су айдындарында демалушылардың қауіпсіздігін арттыру.

Рейд барысында демалушылармен суда өзін-өзі ұстау қағидаларын қатаң сақтау, кәмелетке толмаған балаларды ересектердің қарауынсыз қалдырмау, шағын көлемді кемелерді қауіпсіз пайдалану талаптарын сақтау жөнінде профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар азаматтарға шағын көлемді кемелерді пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық көзделгені түсіндірілді. Өткізілген шаралардың нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 582-бабының 2-бөлігі бойынша 3 азамат әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Өңірдегі су айдындарында құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету прокуратура органдары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың тұрақты бақылауында.

Бірлескен шаралар алдағы уақытта да жалғасады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив