2026–2027 жылғы жылыту маусымына дайындық аясында облыс орталығының тұрғындарын әлеуметтік көмірмен қамтамасыз ету мақсатында Меморандум жасалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Меморандумға сәйкес биыл тұрғындарды 30 000 тонна әлеуметтік көмірмен қамтамасыз ету жоспарланған.
Әлеуметтік көмірді келесі кәсіпорындар жүзеге асырады:
«Сейком» ЖШС – Қаражыра тас көмірі;
«Уголь-Достык» ЖШС – Майкүбі көмірі (сатылым жақын күндері басталады);
«Топливная компания Терминал» ЖШС – Қаражыра тас көмірі.
Қазіргі коммерциялық көмірдің бағасы:
«Сейком» ЖШС – Қаражыра тас көмірі: тоннасына 17 500 теңге;
«Топливная компания Терминал» ЖШС – Қаражыра тас көмірі: тоннасына 17 700 теңге.
Әлеуметтік көмір коммерциялық бағадан 500 теңгеге арзан сатылатын болады.
Әлеуметтік көмірді сатып алуға өтінімдер Аумақтық басқару орталықтарының (АБО) филиалдары арқылы қабылданады.
Қала әкімдігі жеке тұрғын үй иелерін жылыту маусымына қажетті көмір қорын алдын ала сатып алуға шақырады. Көмірді ертерек дайындау маусымдық сұраныстың күрт артуын болдырмауға, кезектің азаюына және қысқы кезеңнен қиындықсыз өтуге мүмкіндік береді.
Пікірлер