Қазақстан Премьер-лигасының 21-ші туры аясында шығысқазақстандық «Алтай Өскемен» футбол клубы өз алаңында петропавлдық «Қызылжарды» қабылдады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Матч тартысты әрі қызу өтті. «Алтай Өскемен» құрамындағы Ибрагим Дадаев пен Никола Ямбор бір-бір голдан соқты. Ойын барысында шығысқазақстандық команда 2:1 есебімен алға шықты. Алайда матчтың соңғы минутында қарсылас есепті теңестіріп үлгерді.
Осылайша, командалар төрт гол соғып, кездесуді 2:2 есебімен аяқтады.
21-ші турдан кейін «Алтай Өскемен» осы кездесуде алған ұпаймен турнир кестесінде 16-шы орында тұр.
Айта кетейік, матчты стадионда екі мыңнан астам көрермен тамашалады.
Пікірлер