A+ A A-

talgatzhan 49 Бүгін, 11:25 0

Өскемендегі Абай ескерткішіне гүл шоқтары қойылды

Бүгін / Өскемен

Абай күніне орай Орталық алаңда қазақтың ұлы ақыны әр ойшылы Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іс-шараға қоғам және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік органдардың қызметкерлері мен қала тұрғындары қатысты.
Салтанатты жиын Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры әртістерінің театрландырылған прологымен басталды. Ұлы ақынның шығармалары орындалып, оның ішінде облыстық филармония солистерінің орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні шырқалды. 
Содан соң облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов  шығысқазақстандықтарды айтулы күнмен құттықтады.
- Ең қиын кезеңдерде халқына тура жолдан таймауға, «бес дұшпаннан» аулақ болуға және «бес асыл іске» ұмтылуға үндеген ұлы Абай өз халқымен бірге мәңгі жасай береді, – деді өңір басшысы.
Жиналғандар Абай ескерткішінің жанында оның рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Іс-шара соңында облыстық филармонияның солистері «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін орындады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив