A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 09:15 0

Өскемендегі онкологиялық орталықта ашық есік күні өтеді

Бүгін / Өскемен

31 қазанда ШҚО Көпсалалы онкология және хирургия орталығында сүт безі ауруларын ерте диагностикалауға және алдын алуға арналған ашық есік күні ұйымдастырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Бұл күні келушілер орталықтың жетекші мамандарынан кеңес алып, медициналық көрсетілімдер болған жағдайда сүт безінің ультрадыбыстық зерттеуінен және маммограммадан өте алады. 
Учаскелік дәрігерінің жолдамасы қажет емес.
Қабылдау уақыты сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін.
Онкологиялық орталық Потанин көшесі, 6 мекенжайында орналасқан. Ашық есік күні 1-ғимаратта (амбулаториялық емхана) өтеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив