A+ A A-

talgatzhan 35 Бүгін, 09:45 0

Шығысқазақстандық семсерлесушілер әлем кубогының алтын медалін жеңіп алды

Бүгін / Басты / ШҚО / Спорт

Қазақстанның ерлер құрамасы Марокконың Касабланка қаласында өткен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Командалық жарыстың финалында отандастарымыз Ресей құрамасын 45:40 есебімен жеңді.

Бұған дейін қазақстандық семсерлесушілер ширек финалда Мысырдан, жартылай финалда Франциядан басым түскен. Сондай-ақ жарыс барысында Түркия мен Гонконг құрамаларын да жеңді.

Ұлттық құрама сапында Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив