A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:35 0

ШҚО-да алдағы күндері көктайғақ болады

Бүгін / ШҚО

Синоптиктер 20–22 қазан аралығында мол жауын-шашын болатынын ескертті. Казақстанның солтүстігі мен шығысында көктайғақ, ал оңтүстігінде түнде үсік күтіледі, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Мамандарының болжамынша, елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Жауын-шашын 20 қазан күндіз Павлодар облысын, ал 21-22 қазанда Қазақстанның шығысын қамтиды.

Солтүстік пен шығыста синоптиктер көктайғақ болатынын айтты. Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Желдің екпіні мен көріну мүмкіндігі шектелген нақты учаскелер жалпы болжамда көрсетілмеген.

Шығыста температура +2…+7°C-қа дейін, ал аймақтың шығыс бөлігінде -1°C-қа дейін төмендейді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив