A+ A A-

talgatzhan 31 Бүгін, 17:00 0

Республика күніне орай қазақстандықтар неше күн демалады?

Бүгін / Республика

2026 жылы қазақстандықтар Республика күніне орай қатарынан үш күн демалады. Себебі биыл 25 қазан жексенбіге түсіп, демалыс күні дүйсенбіге, 26 қазанға ауыстырылады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қазан айындағы демалыс күндері

Бес күндік жұмыс аптасы кезінде қазақстандықтар қазан айында барлығы 10 күн демалады. Алты күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтар үшін айдағы демалыс күндерінің саны – 5 күн.

Осылайша, Республика күніне орай бес күндік жұмыс аптасындағылар 24, 25 және 26 қазанда демалады.

Республика күні қашан атап өтіледі?

Республика күні – Қазақстанның ұлттық мерекесі. Ол 1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның құрметіне атап өтіледі.

Бұл тарихи құжат Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болған маңызды қадамдардың бірі саналады.

2022 жылы Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі қайта берілді. Содан бері бұл күн елімізде жыл сайын 25 қазанда атап өтіледі.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив