Бүгін Құтқарушылардың кәсіби мерекесі қарсаңында Елена Нарзиева орденді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өз мамандығында көп жылғы адал еңбегі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан елеулі үлесі үшін жерлесіміз Ақордаға арнайы шақырылды.
Елена Александровна 30 жылдан астам уақытын өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша мемлекеттік бақылау және қадағалау саласына жұмсады. Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, осы уақыт ішінде ол өзін жоғары білікті маман ретінде көрсеткен.
– Ол 2026 жылы «Үлбі металлургия зауыты» АҚ бериллий өндірісіндегі оқиғаны тергеуге қатысып, оның техникалық себептерін анықтап, өндірісті жаңғырту шараларын ұсынған еді. Елена Александровна терең кәсіби білімі, өндірістік тәжірибесі және кез келген іске жауапкершілікпен қарауы арқасында өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға зор үлес қосты, – делінген мәліметте.
Жоғары мемлекеттік марапат оның көпжылдық еңбегінің, кәсібилігі мен өз ісіне адалдағының нәтижесі ретінде көрінді.
Фотосурет: Ақорда
Пікірлер