A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 14:00 0

Қазақстанда 136,5 мың жеңіл автокөлік шығарылды

Бүгін / Республика

Қазақстанда жеңіл автокөлік өндірісі артты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Қанша автокөлік шығарылды?
2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстанда 136 548 жеңіл автокөлік өндірілді. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38%-ға жоғары.

Қыркүйек айында 19 377 жеңіл автокөлік шығарылды. Өндіріс көлемі өткен жылдың осы айымен салыстырғанда 66,4%-ға, ал ағымдағы жылдың тамыз айымен салыстырғанда 35,5%-ға көп.

Автокөлік өндірумен айналысатын кәсіпорындар

Қазақстанда автокөлік өндірумен 12 кәсіпорын айналысады. Жеңіл автокөлік өндірісінің негізгі көлемі Алматы қаласы мен Қостанай облысына тиесілі. Олардың үлесі тиісінше 50,5% және 49,5%-ды құрайды.

2026 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында «Автокөліктер, тіркемелер және жартылай тіркемелер» санаты бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі ақшалай мәнде 1,67 трлн теңгеге жетті. Осы санаттағы өнеркәсіп өндірісінің индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 129,9% деңгейінде қалыптасты.

2026 жылғы қыркүйекте өндірілген өнім көлемі 198,4 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш ақшалай мәнде 2026 жылғы тамызбен салыстырғанда 25,7%-ға, ал 2025 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 10,5%-ға өсті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив