A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 13:00 0

Елімізде әуежайлар жаңғыртылып, ұшақтар паркі жаңарады

Бүгін / Республика

Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Астанада 20–22 қазан аралығында өтіп жатқан ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік апталығы (ICAO Security Week 2026) аясында Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) Бас хатшысы Хуан Карлос Саласармен кездесті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Министрліктің баспасөз қызметі мәлім еткендей, кездесу барысында Қазақстанның ИКАО-мен өзара іс-қимылы, авиациялық қауіпсіздікті нығайту және азаматтық авиация саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Министр азаматтық авиация саласын дамыту бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.

— 2028 жылға дейінгі үш жылдық жоспар шеңберінде әуе қатынасы бағыттарының желісін кеңейту, әуежайларды жаңғырту, әуе кемелері паркін жаңарту және авиация мамандарын даярлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, ИКАО-ның сараптамалық қолдауымен 2050 жылға дейінгі азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі мастер-жоспар әзірленуде, — делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар азаматтық авиацияның басым бағыттары бойынша ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екенін растады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив