Қазақстан қалаларындағы нан бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Бұл деректі Ұлттық статистика бюросының өкілдері мәлім етті. Аталған рейтингіде Өскемен 20 қаланың ішінде 14-ші орынға жайғасқан.
Нанның ең жоғары бағасы Қонаев қаласында тіркелді. Мұнда бір бөлке нанның құны – 336 теңге. Одан кейін Алматы қаласы орналасқан. Онда нан бағасы 308 теңге болса, ал Талдықорғанда бұл көрсеткіш 288 теңгеге тең.
Өскеменде нанның бағасы 207 теңге деп көрсетілген.
Ал ең арзан нан сатылатын қалалар қатарында Шымкент пен Орал бар. Бұл қалаларда оның бағасы шамамен 180–187 теңге аралығында.
Пікірлер