A+ A A-

talgatzhan 34 Бүгін, 15:00 0

«Жыл волонтері – 2026» халықаралық сыйлығының екінші кезеңіне 127 үміткер өтті

Бүгін / Республика

10-19 қазан аралығында Qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн платформасында өткен «Жыл волонтері – 2026» халықаралық сыйлығына дауыс беру аяқталды. Дауыс беру нәтижесінде 127 үміткер байқаудың екінші кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.

Келесі кезеңде байқау комиссиясы үміткерлердің өтінімдерін қарап, 15 аталым бойынша жеңімпаздарды анықтайды.

Халықаралық сыйлық 2020 жылы Мемлекет басшысының бастамасымен тағайындалған. Ол қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге елеулі үлес қосқан волонтерлердің, волонтерлік топтар мен ұйымдардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың еңбегін бағалауды көздейді.

Алты жыл ішінде Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейден 297 волонтер аталған сыйлықтың лауреаты атанды.

Сыйлық волонтерлік қозғалысты кеңінен насихаттауға, қоғамға пайдалы бастамаларды қолдауға және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған. Сонымен қатар халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетіп, өзекті қоғамдық мәселелерді шешуге атсалысып жүрген волонтерлердің еңбегін көпшілікке танытуды мақсат етеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив