A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:20 0

ШҚО-да медицина мен жол құрылысына 105,7 млрд теңге бөлінді

Бүгін / ШҚО

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Құрылтайдың бірінші сессиясында берген тапсырмаларын жүзеге асыру жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Бүгінде Үкімет өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды басымдықпен дамыту бойынша шаралар қабылдап жатыр.

Мысалы, Өскеменде Ана мен бала орталығының перзентхана ғимаратын реконструкциялау, көпбейінді аурухана салу, Ертіс өзеніндегі көпірден Серікбаев көшесіне өтетін жолды ашу, Сәтбаев даңғылы мен Жібек жолы көшесінің қиылысындағы жол айрығын қайта жаңғырту жобалары жүзеге асырылуда. Осы мақсаттарға 105,7 млрд теңге бағытталған. 

– Денсаулық сақтау саласында Өскемен қаласының 19-шы шағын ауданында көлемі 42,5 мың шаршы метр, 300 орындық көпбейінді аурухана салынып жатыр. Ол қолданыстағы облыстық аурухананың мүмкіндіктерін алмастыратын болады. Жергілікті бюджетті қолдау мақсатында мемлекет жобаға қосымша 33,3 млрд теңге бөлді. Бүгінде медициналық жабдықтарды сатып алу аяқталды. Қазіргі уақытта бетон құю, топырақ қазу және аумақты тегістеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жалпы дайындық деңгейі – 28%. Нысанды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Медициналық мекеме бес мамандандырылған блок пен екі өтпелі галереядан тұрады. Мұнда хирургия, травматология, кардиология, нейрохирургия бөлімшелері, инсульт орталығы және басқа да бөлімдер орналасады. Аурухана жылына 13,6 мың пациентке қызмет көрсетуге есептелген, – делінген Үкіметтің ресми парақшасы таратқан мәліметте. 

Сонымен қатар Өскеменде Ана мен бала орталығының стационар ғимаратын перзентхана ретінде реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Бұл мақсаттарға 2026 жылы қосымша 2,4 млрд теңге бөлінген. Жоба аясында перзентхана ғимаратын, инженерлік желілерді жаңарту және нысанды заманауи технологиялық жабдықтармен жарақтандыру көзделген.

Жалпы ауданы 12,2 мың шаршы метр болатын ғимарат 90% дайын. Нысанды 2026 жылдың төртінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланған. Перзентхананы пайдалануға беру күрделі патологияларды емдеуге жұмсалатын шығындарды азайтып, акушерлік көмектің сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Облыс бойынша жыл сайын орта есеппен 5 300 бала дүниеге келеді. Реконструкциялау аяқталғаннан кейін перзентхана жылына қосымша 2 мыңға дейін әйелді босандыруға қабылдай алады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив