A+ A A-

talgatzhan 30 Бүгін, 15:25 0

ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзудың 62 дерегі анықталды

Бүгін / ШҚО

ШҚО Полиция департаментінің ақпаратынша, 12-18 қазан аралығында өңірде абаттандыру қағидаларын бұзу және қоғамдық орындарды ластауға қатысты 62 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Оның 51-і аумақтарды тиісті деңгейде күтіп ұстамауға, ал 11-і ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға байланысты.

- Күршім және Катонқарағай аудандарында қоғамдық орындарда темекі шегу және темекі тұқылдарын жерге тастау деректері тіркелді. Тарбағатай ауданында іргелес аумақтарды күтіп ұстау талаптары бұзылып, түрлі заттар мен қалдықтар белгіленбеген жерлерге жиналған. Самар ауданында тұрмыстық қалдықтар мен пластик бөтелкелерге толған аумақ анықталды. Құқық бұзушыларға ескерту беріліп, аумақты тазалап, анықталған кемшіліктерді жоюға 10 тәулік уақыт берілді. Шемонаиха қаласында көппәтерлі тұрғын үйдің аумағына құрылыс қалдықтарын төгу дерегі анықталды. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін аумақ тазартылып, санитариялық талаптарға сай күйге келтірілді, - делінген ресми мәліметте.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив