Облыста былтыр өлім-жітім көрсеткіші ең жоғары болған аудан анықталды. Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, өткен жылы Глубокое ауданында 800-ден астам адам қайтыс болған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Өңірде барлығы 11 аудан бар екені белгілі. Алайда біз ұсынған ақпарат тізіміне Өскемен және Риддер қалалары енбеді. Аудандар арасындағы көрсеткіш бойынша кісі өлімі бойынша Глубокое ауданы бірінші орынға шықты. Ұлан ауданы 369 адам ажал құшқан. Ал алғашқы үштікті 360 адам қайтыс болған Шемонаиха ауданы түйіндейді.
Аудандардағы өлім-жітім көрсеткіші төмендегідей:
1. Глубокое ауданы – 813 адам;
2. Ұлан ауданы – 369 адам;
3. Шемонаиха ауданы – 360 адам;
4. Алтай ауданы – 332 адам;
5. Тарбағатай ауданы – 153 адам;
6. Күршім ауданы – 152 адам;
7. Самар ауданы – 130 адам;
8. Зайсан ауданы – 122 адам;
9. Үлкен Нарын ауданы – 122 адам;
10. Катонқарағай ауданы – 94 адам;
11. Марқакөл ауданы – 68 адам.
Осылайша, 2025 жылғы статистикалық мәліметтер бойынша, өлім-жітімнің ең жоғары көрсеткіші Глубокое ауданында, ал ең төменгі көрсеткіші Марқакөл ауданында тіркелгені белгілі болды.
Пікірлер