Облыс орталығында «Republic Day» және «Bereke Fest» республикалық акциялары аясында тұрғындар бірқатар тауарды тиімді бағамен сатып ала алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Аталған акцияларға «ТНП» құрылыс материалдары дүкені де қосылды. Мұнда тауарлардың жекелеген санаттарына жеңілдіктер ұсынылады.
– 17-27 қазан аралығында 10, 15, 20, 25 пайыздық акциялар жүргізіледі. Соның аясында түрлі санаттағы өнімдерге әртүрлі мөлшерде жеңілдік ұсынылады. Яғни, қалаған тауарыңызды жеңілдікпен ала аласыз, – деді дүкен әкімшісі Алексей Тимофеев.
Мұнда есік, терезе, аспалы шам, плита, линолеум және басқа да тұрмысқа қажетті бұйымдар мен құрылыс материалдарына жеңілдіктер қарастырылған. Сауда орнына келген қала тұрғындарының бірі акцияның өзіне қолайлы уақытта ұйымдастырылғанын айтты.
– Қазір құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатырмын. Соған қажетті жетпей қалған заттарды алуға келдік. Жалпы, құрылыс материалдарын көбіне осы дүкеннен сатып аламын. Акция туралы хабарландыруларды байқамаппын. Кездейсоқ келіп, жеңілдікке тап болдық. Мұндай ұсыныстар халыққа үлкен көмек деп ойлаймын. Күнделікті бағамен салыстырғанда кейбір тауарларды едәуір тиімді бағамен алуға болады. Осындай жеңілдіктер ара-тұра ұйымдастырылып тұрса, тұрғындар үшін жақсы мүмкіндік болар еді, – деді қала тұрғыны.
Бүгін акция аясында дүкенде мерекелік көңіл күй де қалыптасты. Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының оркестрі келушілерге музыкалық сүйемелдеу ұсынып, сауда орнындағы атмосфераны жандандыра түсті.
Пікірлер