A+ A A-

talgatzhan 43 Бүгін, 13:05 0

Өскеменде байланыс сапасына әсер ететін «ақ дақтар» жойылуда

Бүгін / ШҚО

ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Қайрат Бимағамбетовтің ақпаратынша, облыс орталығында мобильді байланыспен қамтудың «ақ дақтарын» жою бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Байланыс операторларымен өзара іс-қимыл аясында қосымша базалық станциялар мен қос мақсаттағы тіректерді орнатылып, халықтың өтініштері мен техникалық мониторинг нәтижелері ескеріле отырып, қолданыстағы желі оңтайландырылуда. 

- «КаР-Тел» ЖШС және «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС байланыс операторларымен бірге қос мақсаттағы тіректерді орнату мәселесі пысықталуда. Бүгінде «КаР-Тел» ЖШС Өскеменде қос мақсаттағы тіректерге 9 базалық станция орналастыруды жоспарлап отыр. Ал «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС (Tele2/Altel сауда белгісі) тарапынан 5G стандартының 88 базалық станциясы іске қосылды. Жыл соңына дейін оператор тағы 5 базалық станция орнатуды жоспарлап отыр, - деді Қайрат Бимағамбетов.

Бұдан бөлек, республикалық маңызы бар тасжолдардың бойында 18 антенна-діңгекті құрылыс салу жоспарланған. Атап айтқанда, Тарбағатай, Глубокое, Алтай, Зайсан, Үлкен Нарын, Катонқарағай ауданы мен Риддер қаласы. Барлық нысан бойынша жобалау-сметалық құжаттаманың мемлекеттік сараптамасының оң қорытындылары алынды.

- «Транстелеком» АҚ құрылысқа практикалық дайындық жұмыстарын бастады. Байланыс сапасына тұрақты мониторинг жүргізіліп, облыс аумағын қамтудың цифрлық картасы өзектендірілуде. Қазір карта деректермен толықтыру және нақтылау сатысында. Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып, ШҚО Цифрландыру және архивтер басқармасының тұрақты үйлестіруінде, - деді басшы. 

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив