A+ A A-

talgatzhan 20 Бүгін, 14:35 0

ШҚО-да демалыс орындарының инфрқұрылымын жақсартып жатыр

Бүгін / ШҚО

Аймақтағы танымал туристік орындарда инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

ШҚО Туризм және инвестиция басқармасының басшысы Ержан Сембиновтің айтуынша, Жаңа Бұқтырма кентінде 20 шақырымнан астам жылу желісі ауыстырылып, ұзындығы 12 шақырым электр беру желісі салынды. Сондай-ақ «Голубой залив» және «Жаңа Бұқтырма» қосалқы электр станциялары қайта жаңғыртылды. Ал Электр энергиясының тапшылығы мәселесін шешу мақсатында инвесторлар қаражаты есебінен Катонқарағай және Марқакөл аудандарында 11 шағын су электр станциясын салу жоспарлануда. 

- Туристік аймақтарды ұялы байланыспен және интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Туристификация картасына енгізілген 33 туристік орынның 31-інде 2G стандарты бойынша дауыстық байланыс қамтамасыз етілген. Оның ішінде 21 нысанда 3G/4G стандарты бойынша мобильді интернет қолжетімді. Цифрландыру жылы аясында Дүниежүзілік туризм күніне арналған іс-шарада өңірдің ерекше қорғалатын табиғи аумақтарына 3 Starlink жиынтығы табысталды.  Сонымен қатар конкурс аясында туроператорлар мен туристік нысандарға 10 Starlink жиынтығы берілді, - деді Ержан Сембинов.

Бұдан бөлек, халықтың қауіпсіздік жүйесін дамыту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

- Бұқтырма су қоймасының жағалауында жаңа құтқару станциясы жұмыс істейді. Өскеменде төрт құтқарушы кезекшілік ететін, қайықпен және гидроциклмен жабдықталған құтқару станциясы бар. Зайсан ауданының Біржан және Сарытерек ауылдарында өрт сөндіру бекеттері құрылды. Алтай ауданының полиция бөлімінде туристік полицияның жұмысы ұйымдастырылған. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 459 бейнебақылау камерасы пайдаланылуда. Сондай-ақ Шемонаихада стационарлық кешенді полиция бекеті, Өскемен – Алтай – Рахман қайнары тасжолының 66-шы шақырымында «Жасын» модульдік полиция бекеті, Өскемен – Рахман қайнары тасжолының 249-шы шақырымында және Үлкен Нарын ауылына кіреберісте модульдік полиция бекеті қызмет көрсетеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив