Ұлттық статистика бюросы 1 м³ үшін әр өңір халқы қанша ақша төлеп отырғаны жөнінде ақпармен бөлісті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
Барлығы 20 қаладағы баға салыстырылған.
Ең жоғары баға Ақтау қаласында тіркелді. Мұнда судың бағасы – 385 теңге. Одан кейін Қарағанды қаласы орналасқан. Онда су бағасы 178 теңге болса, Ақтөбе қаласында бұл көрсеткіш 154 теңге.
Өскеменде су бағасы 102 теңге деп көрсетілген. Бұл көрсеткішпен шаһар 13 орында тұр. Ал суы ең арзан қала – Түркістан (65 теңге) мен Семей (70 теңге) қалалары.
Пікірлер