A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 17:20 0

Өскеменде облыстық оқушылар айтысы өтті

Бүгін / Өскемен

Бүгін А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Республика күніне орай «Жырың болып төгілемін» атты оқушылар айтысы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Сөз додасына өңірдің түкпір-түкпірінен келген 13 жас ақын қатысты. Ұлттық өнерді ұлықтаған байқаудың мақсаты – дәстүрлі айтысты жас ұрпақ арасында насихаттау, жас ақындардың суырыпсалмалық қабілетін шыңдап, шығармашылық әлеуетін дамыту.

Домбырасын серік еткен жас айтыскерлер сахна төрінде өзара сөз семсерін сілтесіп, тапқырлығы мен шешендігін, ой ұшқырлығы мен ақындық шеберлігін танытты. Олардың жырларына Отан, ел бірлігі, тәуелсіздік, ұлттық құндылықтар, туған жер және Шығыс Қазақстаннан шыққан тарихи тұлғалар тақырыбы арқау болды. Қатысушылар өнерін облыс пен республикаға танымал үш ақыннан құралған қазылар алқасы бағалады. Олар ақындардың тіл байлығына, тақырыпты ашуына, тапқырлығына, қарсыласына ұтымды жауап беруі мен сахна мәдениетіне назар аударды.

Айтыс қорытындысында бас жүлде Мағжан Ержанұлына бұйырды. Ол республикалық «Қола домбыра» оқушылар айтысына жолдама алды. Бірінші орынды Мұратханұлы Мұхтар иеленсе, екінші орын Мамырхан Інжу мен Нұрәли Азатұлына берілді. Ал үшінші орынға Бауыржан Раушанұлы мен Айгүл Дашынқызы лайық деп танылды.

Жеңімпаздар дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай шығармашылық додалар жас таланттардың танылуына мүмкіндік беріп, ұлттық рухани мұраны дәріптеуге ықпал етеді. Сонымен қатар оқушылардың ана тіліне деген құрметін арттырып, айтыс дәстүрі сабақтастығын сақтауға жол ашады.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив