A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 10:10 0

ШҚО-да бөтеннің көлігін мінген әйел ұсталды

Бүгін / ШҚО

Өңірде алкогольдік масаң күйде болған және жүргізуші куәлігі жоқ 33 жастағы әйел бөтен көліктің рөліне отырған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, ол Chevrolet Aveo маркалы көлігінің жүргізушісінен өзін бірнеше мекенжайға жеткізуді сұраған. Соңғы жерге келгенде жүргізуші көліктен шығып кеткен. Осы сәтті пайдаланған жолаушы жүргізуші орнына ауысып, маневр жасауға кіріскен. Салдарынан көлікке зақым келтіріліп, темір тұлпардың иесі полицияға жүгінді. 
Тәртіп сақшылары әйелдің жеке басын анықтап, ұстады. Оның алкогольдік масаң күйде болғаны және көлік құралдарын басқару құқығы жоқ екені белгілі болды. Алдын ала есеп бойынша материалдық шығын көлемі 2,5 млн теңгені құрады. Көлікті заңсыз иемдену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив