A+ A A-

talgatzhan 42 Бүгін, 10:15 0

Өскеменде Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді

Бүгін / Өскемен / Тарбағатай

30–31 қазан күндері облыс орталығында «Туған жер – алтын бесігім» облыстық жобасы аясында Тарбағатай ауданының мәдени күндері өтеді. Екі күндік бағдарламаға спорттық жарыстар, қолөнер көрмесі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі және концерттер енгізілген, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

30 қазан күні сағат 09:00-де Жекпе-жек сарайында қазақ күресінен «Тарбағатай лигасы» жарысы басталады. Ал сағат 14:00-де облыстық филармонияда мектеп оқушылары мен студенттер арасында сурет байқауы ұйымдастырылады.
Сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін филармонияның фойесінде жергілікті қолөнершілердің бұйымдары, ұлттық тағамдар мен кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылатын көрме өтеді. Күннің мәдени бағдарламасы сағат 18:00-де басталатын концертпен жалғасады. Онда Тарбағатай ауданының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.
31 қазан күні сағат 07:00-ден бастап жәрмеңке ұйымдастырылады.
Сондай-ақ 31 қазан күні сағат 09:00-де Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің спорт залында волейболдан жарыс басталады.
Мәдениет күндерінің қорытынды іс-шарасы 31 қазанда «Maxi Mall» сауда-ойын-сауық орталығында өтеді. Сағат 14:00-де басталатын «Тарбағатай – дәуір үні» этностиліндегі концертте ауданның өнерпаздары өнер көрсетеді.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив