A+ A A-

talgatzhan 32 Бүгін, 10:40 0

ШҚО-да балық бағасы қымбаттады ма?

Бүгін / ШҚО

Өңірде биылғы жылдың үшінші тоқсанында өсірілген тұщы су форелінің өндіруші бағасы 1%-ға қымбаттады. Ал табиғи су айдындарынан ауланатын балық түрлерінің құны өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың үшінші тоқсанында облыста өсірілген тұщы су форелінің өндіруші бағасы екінші тоқсанмен салыстырғанда 1%-ға өсті. Ал Қазақстан бойынша осы кезеңдегі баға өсімі - 0,3%.
Өңірдегі өсім елдегі орташа көрсеткіштен жоғары болды. Ал Абай, Алматы және Түркістан облыстарында өсірілген форельдің өндіруші құны тоқсан ішінде өзгермеді.
Сонымен қатар аймақта табиғи жолмен ауланатын балықтардың бағасы тұрақты деңгейде сақталған. Атап айтқанда, рипус, тұқы, торта, көксерке, табан, шортан, алабұға және сазан құнында өзгеріс тіркелмеген. 
Жалпы, облыста балық шаруашылығы мен аквамәдениет өнімдерінің баға индексі өткен жылдың үшінші тоқсанындағы деңгейде қалды. Ал республика бойынша аталған көрсеткіш 1,2%-ға өсті.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив