A+ A A-

talgatzhan 41 Бүгін, 10:50 0

Өскеменде ашық есік күні өтеді

Бүгін / Өскемен

30 қазанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша ашық есік күні ұйымдастырылады. Іс-шара тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және тұтынушыларға қажетті кеңес беруге бағытталған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Ашық есік күнін ШҚО Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті ұйымдастырады. Тұрғындар мамандарға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тұтынушы ретінде өз құқықтарын қорғау мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Қабылдау 30-шы Гвардиялық дивизия көшесі, 22 мекенжайында орналасқан ғимараттың 3-ші қабатында өтеді.
Мамандар тұрғындарды сағат 08:30-дан 17:30-ға дейін қабылдайды. Түскі үзіліс – 12:30-дан 13:30-ға дейін.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив