Облыс орталығында автомобиль мен жедел жәрдем көлігі соқтығысып қалды. Оқыс жағдайға қатысты ШҚО Полиция департаменті ресми түсініктеме берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол апатының видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Видео авторының айтуынша, жеңіл көлік жүргізушісі жедел жәрдемге жол бермеген.
- Өскеменде 27 қазан күні сағат 09:30 шамасында Әуезов пен Жеңіс даңғылдарының қиылысында жол-көлік оқиғасы болды. “ГАЗ-A31R23” маркалы жедел жәрдем мен Toyota Camry көліктері соқтығысып қалды, – делінген ресми ақпаратта.
Алдын ала мәлімет бойынша жедел жәрдем көлігі бағдаршамның қызыл белгісінен өтіп бара жатып, қарсы беттегі көліктердің жол бермегенінен назар аудармаған. Оқиғаға қатысты мән-жайлар анықталып жатыр.
Пікірлер