Облыс өткен жылы орташа зейнетақы мөлшері бойынша Қазақстан өңірлері арасында көш бастаған, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.
QazAtlas.kz сайты Ұлттық статистика бюросы деректеріне сүйеніп жариялаған мәліметке сәйкес, өткен жылы аймақта тағайындалған орташа айлық зейнетақы мөлшері 108 224 теңгені көрсеткен.
Екінші орында Алматы қаласы тұр. Мұнда орташа зейнетақы 100 340 теңге болса, Астана қаласы 97 797 теңгемен үздік үштікті түйіндеді.
Ал ең төменгі орташа зейнетақы Түркістан облысында тіркелген. Онда бұл көрсеткіш 69 337 теңгеге тең.
Айта кетейік, әзірге осы жылдың қорытынды статистикасы жарияланған жоқ. Сондықтан салыстыру 2025 жылғы деректер негізінде жасалды.
Пікірлер