Қазақстан Еуразиядағы ірі көлік хабы ретіндегі орнын нығайту үшін әуежай инфрақұрылымын дамытып, халықаралық тасымалдарды цифрландыруға басымдық береді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында келесі жылы Астанада жаңа әуежай құрылысын бастауды және көлік саласын заманауи технологиялар арқылы басқаруды тапсырды
- Қазір Қазақстанда бірнеше әуежайдың құрылысы қатар жүргізіліп жатыр. Мұндай нысандарды бір мезетте салу тәжірибесі ел тарихында бұрын-соңды болмаған. Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмысы аяқталды, таяуда Зайсан, Катонқарағай, Кендірлі әуежайлары іске қосылады. Келесі жылы осы саладағы әлемдік ірі компаниялардың бірін тарта отырып, Астанада жаңа әуежайдың құрылысын бастаймыз, - деп атап өтті Президент.
Пікірлер