A+ A A-

talgatzhan 52 Бүгін, 12:25 0

Қазақстанда ең төменгі жалақы 100 мың теңгеге дейін өседі

Бүгін / Республика

Президент Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мың теңгеден 100 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мәлімдеді, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауда Президент ең төменгі жалақыны арттыру жөніндегі тапсырма берді.

– Аталған жұмысты келесі жылдың қаңтар айынан бастап іске асыруды тапсырамын. Бұл халықтың 1,8 миллион азаматының, оның ішінде мемлекеттік бюджет есебінен жалақы алатын 370 мың адамның табысының өсуіне ықпал етеді, – деді Мемлекет басшысы.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив