A+ A A-

talgatzhan 33 Бүгін, 15:10 0

Зайсан ауданында заңсыз аңшылыққа қатысы бар деген күдікпен 10 адам ұсталды

Бүгін / Зайсан

Зайсан қаласында заңсыз аңшылыққа қатысы болуы мүмкін деген күдікпен 10 адам ұсталды. Олардың тоғызы — шетел азаматы. Қазір оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр. Бұл туралы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мәлім етті, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі KAZINFORM сайтына сілтеме жасап.

Кеше «Охотзоопром» кәсіпорнының қызметкерлері мессенджерлерде заңсыз аңшылық белгілері болуы мүмкін бейнежазбаларды анықтаған.

- Бейнежазбалардағы көліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлері бойынша олардың Шығыс Қазақстан облысында тіркелгені болжанды. «Охотзоопром» қызметкерлері жедел түрде қосымша ақпарат жинап, аталған көліктердің Зайсан қаласында болуы мүмкін екенін анықтады. Алынған мәліметтер табиғат қорғау полициясына берілді, - деп хабарлады комитеттен.

Сол күні сағат 22:10 шамасында Зайсан қаласында «Охотзоопром» инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, бейнежазбаларға қатысы болуы мүмкін үш жол талғамайтын көлікті тоқтатқан.

Тексеру жүргізу үшін 9 шетел азаматы мен 1 Қазақстан азаматы ұсталған. 

28 қазанда аталған дерек белгіленген тәртіппен тіркелді.

Қазір аталған азаматтардың заңсыз аңшылыққа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Құзыретті органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша тексеру жұмыстарын жүргізбек.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив