A+ A A-

talgatzhan 0 Бүгін, 16:10 0

Өскеменде екі жаңа емханаға тіркелу басталды

Бүгін / Өскемен

Қаладағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдар қатарына «Status Medical Center» және «TAU Clinic» қосылды. Қала тұрғындары аталған емханаларға тіркеле алады, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, осы жылдың қаңтарынан бастап жұмыс істеп келе жатқан медициналық ұйымдарға 5 046 және 6 685 адам тіркелген. Қазір тұрғындарды тіркеу жалғасып жатыр.
– Азаматтар алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымды еркін таңдауға құқылы. Емханаға тіркелу тұрақты немесе уақытша тіркелген мекенжайы бойынша, бір әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жүзеге асырылады, – деді басқармадағылар.
Бұдан бөлек, емхананы өз еркімен ауыстыруға жылына бір реттен артық рұқсат етілмейді.
Айта кетейік, «Status Medical Center» Көкжал Барақ көшесі, 19 мекенжайында, ал «TAU Clinic» Есенберлин даңғылы, 11/1 мекенжайында орналасқан.

Біздің инстаграмға жазылыңыз

Жаңалықтарды басқаларға қарағанда тезірек көріңіз

Жазылу
0 0 0

Пікірлер

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив